Алматы облысының полицейлері «Е-лицензиялау» порталында 5 мыңнан астам мемлекеттік қызмет көрсетті
Жыл басынан бері Алматы облысының полицейлері «Е-лицензиялау» порталында бес мыңнан астам мемлекеттік қызмет көрсетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жыл басынан бері облыстық әкімшілік полиция басқармасының қызметкерлері «Е-лицензиялау» порталы арқылы 5626 мемлекеттік қызмет көрсетсе, оның 4861-і жеке тұлғаларға көрсетілді.
– Ең кең тараған қызмет – қаруды сақтауға және алып жүруге рұқсат беру, сондай-ақ рұқсат беру мерзімін ұзарту. Жыл басынан бері осындай 3369 қызмет көрсетілген. Бұл ретте азаматтық қаруды алу бойынша 1492 қызмет көрсетілді, – деп атап өтті облыстық әкімшілік полиция басқармасының бастығы Еркебұлан Ахметов.
Басқарма басшылығы мемлекеттік қызметтерді сапалы және тиімді көрсетуді басты назарға алды. Электронды формат процесті жылдамдатады, оның тиімділігін арттырады және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтады. Әкімшілік полиция қызметкерлері әрбір азаматқа жеке көзқарасты қамтамасыз етіп, қолданыстағы заңнама нормаларын, қабылданған шешімдерді және тиісті тәртіпте шағымдану құқығын нақты түсіндіреді.