Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада спорттық жарыстан жүлдемен оралған полицейлер марапатталды

Қызылорда облысы полиция департаменті бастығының орынбасары Оралбек Омаров қоян-қолтық ұрыстан және ережесіз жекпе-жектен жүлдемен оралған қызметкерлерді марапаттап, жеңістерімен құттықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Тараз қаласында қоян-қолтық ұрыстан ересектер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты және Астана қаласында “UNIFIGHT” ережесіз жекпе-жектен жарыс өтті. Сыр елінің атынан Қызылорда облысы полиция департаментінің қызметкерлері қатысып, жүлделі оралды.

63 келі салмақ дәрежесінде 3-орынды Болат Айжан, 57 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен Нұрмахан Ғайни 3-орынды қанжығасына байлады.

Департамент бастығының орынбасары О.Омаров ісіне мығым, қоғамдық өмірде де белсенді тәртіп сақшыларын құттықтап, жұмыстарына сәттілік тіледі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру