Түркістан облысында жеке құрамға Конституция күніне орай деректі фильм көрсетілді
Түркістан облысында жеке құрамға Конституция күніне орай деректі фильм көрсетілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Түркістан облысы полиция департаментінің үлкен мәжіліс залында жеке құрам қызметкерлеріне Ата Заңымыздың жалпы тарихы бейнеленген хроникалық-деректі фильм көрсетілді. Отанға сүйіспеншілік, қызметтік борышқа адалдықты қалыптастырып, қызметкерлердің рухын көтеру мақсатында жасалған шараға департаменттің дербес, басқарма бөлімдерінің басшылары мен жеке құрамы қатысты.
Деректі фильмді тамашалаған тәртіп сақшылары тәуелсіздік алған жылдан, бүгінгі күнге дейінгі аралықта еліміз жүріп өткен жолдар, Ата Заңымыздың орнығуы, үстемдігі туралы хабардар болды.
Ал тәрбие және кадр жұмысы басқармасы бастығының орынбасары Ерлан Шамшат қызметкерлерді тәртіп пен заңдылықты ұстанып, әрдайым Ата заңымызға адал болуға шақырды.
– Конституция – біздің мемлекеттілігіміздің берік тірегі, негізгі Заң. Ол ел басшылығы жүргізіп жатқан ауқымды өзгерістердің сенімді іргетасы болып табылады. Патриотизм, әділдік, еңбекқорлық, ел мен отбасы алдындағы жауапкершілік сияқты асыл қасиеттерді бойға сіңіріп, халыққа қалтқысыз қызмет ете беріңіздер. Мереке құтты болсын!, – деп атап өтті.