Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Семейдегі колонияда ашық есік күні өтті

Семейдегі колонияда ашық есік күні өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қауіпсіздігі орташа мекемесіне сотталғандардың туыстары таңертеңнен бастап жиналды. Сотталғандардың туыстарымен сотталғандар арасында тәрбие және әлеуметтік психологиялық жұмыс бөлімінің бастығы Мақсұт Бақытбек кездесті. Қысқа әңгімеден кейін барлығы колонияның акт залына көтерілді, онда сотталғандар өз туыстарын асыға күтті. Бұл күні сотталғандардың 70-ке жуық туысқаны келді.

– Мен ағаммен кездесуге келдім. Ұзақ уақыт бойы біз бір-біріміз туралы білмедік, ата-анамыз бірнеше жыл бұрын ажырасып, әрқайсысы өз отбасын құрды. Мен жақында әкемнен білдім, оның бірінші некесінен туған ағам бар, ол қазір осында, бірнеше айлық хат алмасудан кейін мен онымен кездесуге бел будым. Мен одан жақын арада ашық есік күні болатынын білдім және мүмкіндікті пайдалану туралы менде ой пайда болды. Бүгін мен оны көрдім. Біздің кездесу қызықты және әсерлі өтті. Біз бір-біріміз туралы көп нәрсені білдік және енді ешқашан ажырамаймыз, әрқашан байланыста боламыз деп шештік. Колония әкімшілігіне кездесуге мүмкіндік бергені үшін көп рақмет, – деп бөлісті сотталғанның қарындасы.

 

– Іс-шара әкімшіліктің шағын кездесуімен аяқталды. Ешкім назардан тыс қалған жоқ. Барлығы тыңдалды, барлығы түсіндірілді. Келген туыстары іс-шараны ұйымдастырғаны үшін алғыс айтты, қол алысып, сәттілік пен шыдамдылық тіледі, – деді Мақсұт Бақытбек.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру