Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы облысының бас полицейі халықаралық байқау жеңімпаздарын құттықтады

Алматы облысының бас полицейі халықаралық байқау жеңімпаздарын құттықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

1 қыркүйек – Білім күніне орай Алматы облысының полиция департаментінің бастығы Бауыржан Әленов 2017 жылы алғаш рет «Жас полицейлер» әскери-патриоттық сыныптары енгізілген Іле ауданындағы №7 мектепке барды. Жақында осы сыныптардан жиналған жас жол инспекторлар құрамасы Қырғыз Республикасында өткен жол қозғалысының жас сарапшыларының мемлекетаралық слетінде жеңіске жетті.

Полиция департаментінің бастығы жас патриоттардың білімге және тәртіпке деген ұмтылысын атап өтіп, олардың жетістіктері үшін мақтанышын білдірді.

– Мұндай жетістіктер облыстағы барша жастарға үлгі болып, дайындықтың, жауапкершілік пен патриотизмнің жоғары деңгейін көрсетеді. Барлық оқушыға жақсы бағалар, жаңа жеңістер мен жетістіктер тілеймін, – деді Б.Әленов.

Сапар барысында бас полиция қызметкері оқушылармен және олардың тәлімгерлерімен әңгімелесіп, жастарды заңға құрметпен қараудың және қоғамға қызмет етуге дайын болудың маңыздылығын айтты. Ол сондай-ақ оқушыларға алғыс хаттар мен естелік сыйлықтарын табыс етті.

Бұл байқау жас полицейлердің қалыптасуындағы маңызды кезең болды, олардың таңдалған жолға деген сенімін нығайтып, жаңа жетістіктерге деген ұмтылысын күшейтті. №7 мектеп оқушылары халықаралық аренада өз мектебін және туған елін дәріптеуді жалғастыру үшін жаңа жарыстарға қатысуды жоспарлап отыр.

Айта кетейік, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін Алматы облысының барлық мектебінде 500-ге жуық полиция қызметкері жұмыс атқарды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру