Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылорда полицейлері жаңа оқу жылына орай ауқымды шара өткізді

Қызылорда полицейлері Білім күніне орай ауқымды шара өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бала қауіпсіздігі – басты назарда. Полиция қызметкерлері бұл мәселеге ерекше назар аударып, жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, балалардың қауіпсіздігі үшін тиісті шаралар қабылдауда. Білім күніне орай Қызылорда облысы полиция департаментінің басшылығы және жеке құрамы облыс орталығындағы білім ошақтарына арнайы барып, салтанатты жиынға қатысты. Қуанышты сәтке ортақтасып, құттықтау лебізін білдірді. Мектеп табалдырығын алғаш аттаған балаларға қауіпсіздіктің негізгі ережелерін жіті түсіндіріп, олармен бірге «Полиция және балалар» тақырыбындағы бояу кітабын безендірді.

Сондай-ақ Білім күніне арналған жиын барысында ішкі істер органдарының ардагері Қазыбек Әшірбекұлы оқушылармен кездесіп, өзінің жүріп өткен сара жолын, тәлім-тәрбие беретіндей ақылдары мен кеңестерін айтты. Бейбіт заманда ерлік көрсетіп, адам өмірін арашалаған полиция аға лейтенанты Қазбеков Мұрат балалармен тілдесіп, қауіпсіздік ережелерін сақтаудың маңыздылығын жіті түсіндірді.

Бұдан бөлек, департамент басшылығы “Жас сақшы” полиция сыныптарының оқушыларымен және жол қозғалысының жас инспекторларымен кездесті. Ашық диалог форматында өткен кездесу барысында балалар полиция қызметі, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің құқықтары мен міндеттері туралы түрлі сұрақтар қойып, қызығушылықтарын білдірді.

Тәртіп сақшылары тәртіптің және заңға құрметтің маңыздылығын атап өтті. Кездесу соңында балалар естелік суреттерге түсіп, полицейлерге алғыстарын білдірді

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру