Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Екібастұзда жыл басынан бері жалған нөмір таққан көлік жүргізудің 5 фактісі тіркелді

Екібастұзда жыл басынан бері жалған нөмір таққан көлік жүргізудің 5 фактісі тіркелді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Екібастұз өңірінің жолдарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша жүргізіліп жатқан іс-шараларға қарамастан, алдау мақсатында түрлі заңсыз айла-амалдарға баратын жүргізушілер анықталып жатыр. Мысалы өз көліктеріне жалған нөмірлік белгілерді орнатады. Алайда мұндай заңсыз әдістер үшін жауапкершілік қарастырылған.

Мәселен, Екібастұз – «Батыр» БП автожолында Екібастұз қаласы ПБ патрульдік полиция ротасының полицейлері 47 жастағы қала тұрғынының басқаруымен Shaanxi автокөлік құралын тоқтатты. Тексеру кезінде автокөліктегі мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілері көрінеу жалған екендігі анықталды. Жүргізуші оның екі бірдей көлігі бар екенін түсіндірді, бірақ олардың біреуі сынған, ал Карьер аумағына кіруге рұқсат тек көліктердің біреуінде ғана болған.

Жүргізуші көлік құралдарының нөмірлерін ауыстырып, қиыршық тасты тасымалдау кезінде полиция тоқтатты. Жүргізушіге қатысты көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзғаны, мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін сәйкестендіруге кедергі келтіретін, оларды өзгертуге немесе жасыруға мүмкіндік беретін көрінеу жалған тіркеу нөмірлік белгілері бар көлік құралын басқарғаны үшін әкімшілік хаттама толтырылды.

– Хаттама шешім қабылдау үшін сотқа жіберілді. Баптың санкциясы 5 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алуды және 1 жылға жүргізуші куәлігінен айыруды көздейді. Тәртіп сақшылары нөмірлік белгілерді алып қойды. Автокөлік арнайы айып тұрағына қойылды, – деді Екібастұз қаласы ПБ бастығының міндетін атқарушы Төлеген Құдайбергенов.

Айта кету керек, жыл басынан бері жүргізушілердің көрінеу жалған немесе қолдан жасалған мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілері бар автокөліктерді басқарған 5 фактісі анықталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру