Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын өткізу кезеңінде көлік полицейлері қызметтерін абыроймен атқарды

Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын өткізу кезеңінде көлік полицейлері қызметтерін абыроймен атқарды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын өткізу кезеңінде еліміздің әуе және теміржол көлігі нысандарында қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз еткен көліктегі полиция департаменті қызметінің нәтижелері қорытындыланды.

Департамент бастығы Бақытжан Малыбаев бүгінгі күні барлық іс-шаралар аяқталғанын айтты. Жүйелі түрде қабылданған алдын алу іс-шараларының, сондай-ақ көлік полицейлерінің нақты іс-қимылдарының арқасында қызмет көрсету учаскесіндегі жедел жағдай тұрақты болды. Қонақтар мен шетелдік делегацияларды қарсы алу және шығарып салу кезінде төтенше жағдайларға жол берілген жоқ.

Оның айтуынша,  5-15 қыркүйек аралығында көліктегі ПД-нің жеке құрамы қылмыстардың алдын алу және жолын кесу мақсатында қызмет өткерудің күшейтілген түріне көшкен болатын.

Көшпенділер ойындарына дайындық пен оны өткізудің алғашқы күндерінен бастап республиканың теміржол вокзалдары мен әуежайларындағы криминогендік жағдайды бақылауға баса көңіл бөлінді. Оқиға орнына дереу жету және қылмыстардың «ізін суытпай» ашылуын қамтамасыз ету үшін арнайы жедел-тергеу топтары құрылды.

Б. Малыбаев жоғарыда аталған нысандарда патрульдеу үшін қызметтік-іздестіру иттері бар кинологиялық орталықтың қызметкерлері тартылды деді. Сондай-ақ көші-қон қызметінің қызметкерлері тәулік бойы кезекшілікке түсіп, шетелдік қонақтарға түрлі мәселелер бойынша кеңес беріп, оларды қажетті ақпаратпен хабардар етіп отырды.

– Астана қаласында өткізілген халықаралық спорттық ойындар додасына темір жол және әуе көлігі арқылы барлығы 9 мыңға жуық шетелдік азамат келді, – деді Б. Малыбаев.

 

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру