Ақтөбе облысында екі күдікті 45 келіге жуық шаянды заңсыз аулаған
Ақтөбе облысында екі күдікті 45 келіге жуық шаянды заңсыз аулаған, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Полиция қызметкерлері балық шаруашылығы инспекциясымен бірлесіп Ырғыз өзенінде рейдтік іс-шараларды өткізу барысында шаяндарды заңсыз аулағаны екі азаматты ұстады. Күдіктілерден мыңнан астам шаян, резеңке қайық, төрт шаян аулауға арналған құрал тәркіленді.
Балық ресурстарын, басқа су жануарларын немесе өсімдіктерін заңсыз өндіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Келтірілген залал анықталып жатыр.