Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылорда полицейлері колледж студенттерімен кездесті

Полиция қызметкерлері М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінің студенттерімен кездесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бұл жиынға Қызылорда қаласы полиция басқармасы бастығының орынбасары Нұрмахан Пазылов, Қызылорда қаласы полиция басқармасының жергілікті полиция қызметі бөлімінің бастығы Нұржан Жакипов, ювеналды полиция бөлімшесінің бастығы Айдос Прежекенов және Қызылорда қаласы полиция басқармасы жергілікті полиция қызметі бөлімінің ювеналды полиция бөлімшесі бастығының орынбасары Ляззат Ахметова, жергілікті полиция қызметі бөлімінің ювеналды полиция бөлімшесінің инспекторы Сәбит Алдоңғаров арнайы келіп, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Сондай-ақ сала мамандарымен өткен жиынға колледж директоры Жақсыгүл Тоғанова, директордың тәрбие жөніндегі орынбасары Гүлдана Исаева мен ұйымдастырушы педагог Айбибі Жәнібек қатысты.

Жиын барысында Нұрмахан Пазылов құқық бұзушылықтың алдын алу және скутер пайдаланбау, жанұядағы ата-ананың рөлі, отбасылық құндылықтарды сақтау және тұлғалық тәрбиені қалыптастыру бойынша ақпарат беріп, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Сондай-ақ жасөспірімдер арасындағы буллинг, әлеуметтік желіні қолдану барысында кибербуллингтен сақтану, аталған мәселелелерге жолыққан жағдайда құқық қорғау органдарымен байланысу және жеке бас құқықтарын қорғай алу жөнінде құқықтық тұрғыда мәлімет берілді.Шара соңында студенттер тарапынан сұрақтар қойылып, сала мамандары жауап берді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру