Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қостанай облысы бойынша ҚАЖД-ға қарасты мекемеде бір терезе қағидатымен фронт-офис сотталғандарды қабылдады

Қостанай облысы бойынша ҚАЖД-ға қарасты №38 мекемеде бір терезе қағидатымен ұйымдастырылған фронт-офис сотталғандардың сұрақтарына жауап берді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қостанай облысында сотталғандардың әлеуметтік бейімделу жағдайларын жақсартуға бағытталған кешенді жұмыс шеңберінде ҚАЖД-ға қарасты №38 мекемеде бір терезе қағидаты бойынша фронт-офис құру жөніндегі бастама жазасын өтеп жатқан азаматтарды интеграциялаудың маңызды қадамы болды. Бұл жоба сотталғандарға босатылғаннан кейінгі өміріне қатысты негізгі мәселелер бойынша мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың өкілдерінен жеке консультациялар алуға мүмкіндік берді.

Іс-шара барысында гранттар алуға, мүгедектер үшін жұмыс орындарын құруға, сондай-ақ тұрғын үй алу үшін есепке қою тәртібіне және басқа да өзекті аспектілерге байланысты тақырыптар егжей-тегжейлі қарастырылды. Осы жобаға 110 сотталушының қатысуы қылмыстық-атқару құрылымы жүйесіндегі осындай тәсілдің өзектілігі мен қажеттілігін көрсетеді.

Қостанай облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі lепартаменті осы іс-шараға қатысқан барлық қызметкерлерге сотталғандардың өмірін жақсартуға және оларды қоғамға оралуға дайындауға бағытталған бірлескен жұмыс шеңберінде көрсеткен кәсібилігі мен қолдауы үшін алғыс білдірді.

Бұл бастаманың маңызды аспектісі ақпарат беру ғана емес, сотталғандар арасында сенім мен қолдау ахуалын қалыптастыру. Түрлі саладағы мамандардың қатысуы сотталғандарға өздерін толғандыратын сұрақтар қоюға және білікті жауаптар алуға мүмкіндік берді. Осылайша өзара әрекеттесу олардың бостандыққа шыққаннан кейін қоғамға интеграциялану мәселелерімен жалғыз қалмайтынына деген сенімін қалыптастыруға ықпал етті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру