Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылорданың «Жас сақшы» полиция сыныбының оқушылары есірткіге қарсы республикалық сайысқа қатысады

Қызылорданың «Жас сақшы» полиция сыныбының оқушылары «Спорт есірткіге қарсы» ұранымен республикалық сайысқа қатысады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі биыл 21-22 қыркүйек аралығында Алматы қаласында «Спорт есірткіге қарсы» ұранымен 12-14 жас аралығындағы «Жас сақшы» полиция сыныптарының оқушылары арасында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің Кубогына футболдан жарыс ұйымдастырып жатыр.

Республикалық додаға «Жас сақшы» полиция сыныптарының оқушылары облыс намысын қорғауға аттанды. Қызылорда облысы полиция департаменті бастығының орынбасары Оралбек Омаров  бастаған қызметкерлер тобы «Жас сақшы» полиция сыныптарының оқушыларын Алматы қаласына шығарып салды.

Оралбек Омаров балалармен әңгімелесіп, алдағы жарысқа сәттілік тіледі.

– Сіздердің алдарыңызда Сыр елінің намысын абыроймен қорғау сияқты маңызды әрі өте жауапты міндет тұр. Жеңіске деген ерік-жігер мен еңбектің арқасында үлкен нәтижеге жететіндеріңізге сенімдімін, – деді департамент бастығының орынбасары О.Омаров.

 “Жас сақшы” полиция сыныптарын құру – Ішкі істер министрлігінің басым жобасы және ең алдымен патриотизм мен Отанға деген сүйіспеншілікті тәрбиелеуге, мектеп ортасында құқық бұзушылықтың алдын алуға және мамандық таңдауда көмек көрсетуге бағытталған.

Бұл бастама Қызылорда өңірінде де қолдау тауып, екі «Жас сақшы» полиция сыныбы ашылды. Оның бірі – бейбіт уақытта азаматтардың тыныштығы мен қауіпсіздігі үшін өз өмірін  құрбан еткен полиция лейтенанты Талғат Қозыбаевтың  құрметіне Сырдария ауданының орталығы Тереңөзек кентінің № 135 орта мектебінде  ашылған полиция сыныбы.

Екіншісі Қызылорда облысының Жалағаш ауданындағы №124 мектепте қызмет барысында қаза тапқан полиция капитаны Әбішев Кеңесбек атындағы полиция сыныбы.

«Жас сақшы» полиция сыныбына кірген оқушылар өз Отанының ержүрек, әрі батыл қорғаушысы болуға дайындалумен қатар, әрдайым ізденуге, оқуда озат, елінің патриоты ретінде қатарластарына үлгі болуға ант берген.

Бүгінде аталмыш сыныптардың мүшелері болған оқушылар қоғамдық жұмыстарға қатысып, белсенділік танытуда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру