Алматы полициясы тұрғындарға үндеу жасады
Алматы полициясы тұрғындарға үндеу жасады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қазіргі уақытта қалада абаттандыру ережелері мен санитарлық нормаларды бұзу деректерін анықтау және жолын кесу бойынша алдын алу шаралары жүргізілуде.
Барлық тартылған қызметтер мен бөлімдердің іс-әрекеттерін үйлестіру және келіп түсетін ақпаратты қорытындылау үшін мобильді және жұмыс топтары құрылды. Іс-шара әкімдіктермен және аудандық санитарлық-эпидемиологиялық қызметтермен бірлесіп жүргізіліп, сыртқы полиция қызметінің мүмкіндіктері пайдаланылуда.
– Тәжірибе көрсеткендей, кейбір азаматтар қоғамдық орындарды, саябақтарды, скверлерді әдейі ластайды. Қоқыс белгіленбеген жерлерге тасталады. Іс-шараның негізгі мақсаты – қала инфрақұрылымына қамқорлық жасау құндылықтарын дамыту, тұрғындар арасында жоғары азаматтық жауапкершілік пен экологиялық мәдениетті тәрбиелеу, жеке экологиялық бастамаларды қолдау және оларды жүзеге асыру үшін жағдай жасау. Мұндай деректерді анықтап, жолын кесу – жергілікті полиция қызметінің бірінші кезектегі және күнделікті міндеті, – деді Алматы қалалық ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Серік Шумаев.
Басқа да мүдделі қызметтермен бірлескен жұмыс тиімдірек екенін атап өткен жөн, өйткені құқық бұзушылармен түсіндірмелік әңгімелесулер қоршаған ортаға теріс әсер ететін, сайып келгенде, қаламыздың атмосферасына кері әсер ететін биологиялық реакцияларды түсіндіруге дейін жүргізіледі.
– Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары! Барлығыңызды өзіміз тұратын жерді қорғаудың қаншалықты маңызды екендігі туралы ойлауға шақырамын. Ол үшін тек қоқыс, пластик және басқа да қалдықтарды тастамау, табиғи ресурстарға абай болу керек. Біздің Алматы таза әрі қауіпсіз болуы керек!, – деді, полковник Шумаев.