Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖД мен «Жанұя» орталығы бірлесіп атқарған жұмысты қорытындылады
Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖ департаменті және Қарасай аудандық «Жанұя» отбасы қолдау орталығы бірлесіп атқарған жұмыстарын қорытындылады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Бұл іс-шара қолдау орталығының «Отбасылық дағдарыстарды қалпына келтіруде отбасын қолдау орталығының рөлі» тақырыбында ұйымдастырған конференциясында өтті.
– Сотталған әйелдерге қолдау көрсету мақсатында «Жанұя» орталығымен бірлесіп атқарылған жұмыстар аз емес. Нәтижесінде жазасын өтеп жүрген әйелдерге білікті психолог, заңгер мамандарының кеңестері беріліп, бір қатар гуманитарлық көмектер ұсынылуда, – деп атап өтті ҚАЖД бастығының м.а. Бақытжан Шәріпбеков.
Іс-шара соныңда «Жанұя» орталығының директоры Мадина Сауытбековаға ҚАЖД басшылығы атынан қылмыстық-атқару жүйесінің дамуына қосқан үлесі үшін алғыс хат тапсырылды.