Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жетісу облысының полицейлері әкімшілік қамауға алынғандармен кездесу өткізді

Жетісу облысының полицейлері әкімшілік қамауға алынғандармен кездесу өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция департаментінің қызметкерлері діни ұйымдар мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен бірлесіп, облыс аумағында өтіп жатқан «Учаске» жедел алдын алу іс-шарасы шеңберінде әкімшілік қамауға алынған адамдармен кездесу өткізді.

Негізгі мақсат – құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың қайта жасалуының алдын алу.

Кездесу барысында әкімшілік қамауға алынған адамдарға отбасындағы құқыққа қайшы әрекеттері (жеңіл дене жарақаттары мен ұрып-соғу) үшін қылмыстық жауапкершілікке ауысуға қатысты заңнама нормалары туралы қосымша ақпарат берілді, сондай-ақ мұндай әрекеттер үшін жауапкершілік шараларының күшейтілгені атап өтілді.

Сонымен қатар Талдықорған қаласындағы әйелдерді қолдау орталығында ерлерге арналған психологиялық кабинеттің жұмысы туралы ақпарат берілді. Психологтың қызметтері ақысыз және құпия ұсынылады.

Дін істері басқармасының теологы іс-шараға қатысушыларға «Қолда барды бағалау», «Бала үшін ең жақын адам – ата-ана», «Өмір бақытты сәттерден тұрады» және «Ер адам – отбасының қорғаушысы» тақырыптарында өмірлік мысалдарды айтып берді. Ол уақытша қиындықтарға бой алдырмауға, қателіктерді қайталамауға және оларды үйде күтіп отырған балалары туралы ұмытпауға шақырды.

«Учаске» іс-шарасының үш күнінде 1561 құқық бұзушылық анықталды, ішкі істер органдарында есепте тұрған 856 адам, оның ішінде сот белгілеген ерекше талаптары бар 62 адам және қорғау нұсқамасы шығарылған 167 адам тексерілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру