Павлодар облысының полицейлері қарсы жолаққа шығып кеткен автокөлік жүргізушісін тоқтатты
Павлодар облысының полицейлері қарсы жолаққа шығып кеткен автокөлік жүргізушісін тоқтатты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қарсы жолаққа шығу жол жүру ережелерін өрескел бұзушылықтардың бірі болып табылады. Мұндай маневр барлығына қауіп төндіреді, сондықтан қарсы жолаққа шығу салдарынан апаттар жиі орын алады, нәтижесінде адамдар жарақат алады, қаза болады.
Мұндай қасақана бұзушылық үшін жүргізуші 6 ай мерзімге көлік құралын жүргізу құқығынан айырумен жазаланады. Өкініштісі тіпті жүргізуші куәлігінен де айыру қаупі кейбір жүргізушілерді тоқтатпайды.
– 2024 жылдың басынан бері 192 жүргізуші жауапкершілікке тартылып, 6 ай мерзімге жүргізуші куәлігінен айырылды. Мысалы Павлодар қалалық ПБ патрульдік полиция батальонының инспекторлары М. Жүсіп көшесі бойында Toyota автокөлігін жүргізіп келе жатып, қарсы жолаққа арналған жолдың жағына шығып кеткен жүргізушіні ұстады. Павлодарлық жауапқа тартылды, шешім қабылдау үшін материал сотқа жіберілді, – дейді Павлодар облысы ПД жергілікті полиция қызметінің бастығы Қуаныш Мұстафинов.
Егер автокөлік жүргізушісі біржақты қозғалыспен көшеге шықса, онда бұзушы жол белгілерімен немесе жолдың жүру бөлігін белгілеумен белгіленген талаптарды сақтамағаны үшін жауапқа тартылады.
Полицейлер тұрғындардың назарын жол ережелерін қатаң сақтауға аударады. Балалар оқу орындарының, жаяу жүргіншілер жолдарының және қоғамдық көлік аялдамаларының жанында барынша мұқият болу қажет.