Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елордада полицейлер алаяқтың қылмыстық схемасын әшкереледі

Елордада полицейлер алаяқтың қылмыстық схемасын әшкереледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде Сарыарқа ауданының криминалдық полиция қызметкерлері күдіктінің жеке басын анықтады. Ол азаматтардан алаяқтық жолмен ақша алған 17 жастағы бала болып шықты.

Алаяқ Telegram интернет-ресурсы арқылы ең көп оқырмандары бар танымал арналарды жалға алған. Содан кейін, ұтыс ойынын сылтауратып, хабарламалар жариялап, сипаттаманың астына: “Кім ақшаны көбірек лақтырады, сол – жеңімпаз” деген жарнама орналастырған.

Осылайша, басқа біреудің мүлкін иемденуге бағытталған тікелей қылмыстық ниеті бар қаскүнем алдау және сенімге кіру арқылы арна абоненттерінен ақша алған. Жалпы шығын сомасы шамамен жарты миллион теңгені құрайды.

Жас жігіт өз кінәсін толық мойындады. Алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық іс тіркелді.

Тергеу барысында күдіктінің осыған ұқсас 7 эпизодқа қатысы бар екені анықталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру