ҚР ІІМ Ұлттық ұлан сарбаздарының ата-аналарына арналған ашық есік күні өтті
ҚР ІІМ Ұлттық ұлан сарбаздарының ата-аналарына арналған ашық есік күні өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
2024 жылы 28 қыркүйекте ҚР ІІМ Ұлттық ұланы “Орталық” өңірлік қолбасшылығына қарасты 3517 әскери бөлімінде отан алдындағы борышын өтіп жүрген сарбаздардың ата аналарына арналған ашық есік күні өтті.
Аталмыш іс-шараға сарбаздардың 40-қа жуық ата анасы қатысып, әскери өмірдің бір күні қалай өтетіндігін көрді. Іс-шара аясында ата-аналар сарбаздар жататын казармаларға, ас ішетін асханаларға барып қайтты. Сондай-ақ ата-аналарға әскердегі қару-жарақ түрлері көрсетеліп және сарбаздар атқаратын қызметтің қиындығы туралы ақпараттар берілді.
Іс-шара соныңда әскери бөлім басшылығы сарбаздарды ата аналарымен бір күндік демалысқа жіберді.