Павлодар облысының полицейлері автокөлік жеңіп алды
Павлодар облысының полицейлері Қазақстандағы қылмыстық іздестірудің 106 жылдығына арналған спорттық іс-шаралар өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Бағдарламада шағын-футбол матчтары, ату жарыстары, тартылу, арқан тарту және армрестлинг жарыстары болды.
Күш, төзімділік және командада жұмыс істей білу сынақтарына облыстың, қалалар мен аудандардың жедел қызметтерінің құрамында 12 команда қатысты. Командалар бас жүлде – автомобиль үшін тартысты.
Жарысқа қатысушылар алдында Павлодар облысы ПД бастығының орынбасары Болат Нұрсейітов құттықтау сөз сөйледі. Ол күштің ғана емес, төзімділік пен командалық келісімнің үлгісі болып табылатын спорттық іс-шаралардың маңыздылығын атап өтті. Қатысушыларға күш-қуатқа сенімділік, жеңіске деген ұмтылыс және көшбасшылыққа деген қажымас құштарлық тіледі.
Шағын футболдан жарыстарда Екібастұз қаласы ПБ командасы допты сенімді иеленуді көрсетіп, жеңімпаз атанды. Екінші орынды өзіндік қауіпсіздік басқармасы қызметкерлерінің командасы иеленді. Құрметті үшінші орынды криминалдық полиция командасы алды.
Арқан тартыстағы жеңістің кепілі – қатысушылардың белгілі бір орналасуы және күресте командалық келісімді дұрыс қолдану. Дәл осы ережелерді ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының командасы жақсы пайдаланып, алтын медаль жеңіп алды. Криминалдық полиция командасы күмісті алса, қола өзіндік қауіпсіздік басқармасының командасына бұйырды.
Армретслинг бойынша Тереңкөл ауданы ПБ қызметкері Сергей Козлов үздік атанды, тұғырдың екінші сатысына ПД ӨҚБ-дан Наурызбай Төлеген көтеріліп, Екібастұз қаласы ПБ қызметкері Даут Ғали көшбасшылардың үштігін жапты. Тартылуда шиеленісті күресте Ертіс ауданының ПБ қызметкері Арғын Тезекпай сенімді жеңіске жетті.
Атыс даярлығы полицияның негізгі қызметтік-қолданбалы спорт түрлерінің бірі болып табылады. Тәртіп сақшыларының табельдік қаруды игеру және оны дағдарыс жағдайында шебер қолдану дағдылары мен қабілеттеріне кейде азаматтар мен полицейлердің өмірі байланысты болады.
Әйелдер арасында жеке есепте бірінші орынды Павлодар қаласы ПБ СПБ-дан Арайлым Ерғазина жеңіп алды, тұғырдың екінші және үшінші сатыларына ПД ҰҚКБ-дан Аида Қажтай мен Қайыргүл Оңалбаева шықты.
Жалпы командалық есепте шиеленісті күрестің нәтижесінде Екібастұз қаласы ПБ командасы үздік атанып, бас жүлде автомобильге ие болды. Екінші орынды ПД ӨҚБ командасы, үшінші орынды ПД КПБ командасы иеленді.
– Біз күн сайын заңсыз қол сұғушылықтан қорғай отырып, азаматтардың заңды құқықтары мен мүдделерін қорғаймыз. Мұндай іс-шаралар кәсіби дайындықты арттыру мақсатында өткізіледі және ұжымдық рухты нығайтудың тамаша әдісі болып табылады, яғни ұжымды біріктіреді, – деп атап өтті жеңімпаздар командасының капитаны Руслан Сүлейменов.
Іс-шара соңында барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлер грамоталармен, кубоктармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.