Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбе облысында марқұм полицейдің құрметіне естелік тақта ашылды

Қобда ауданында еңбек сіңірген полиция қызметкеріне естелік тақта ашылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ішкі істер министрлігімен құқықтық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолында ІІО қатарында адал және абыройлы қызмет еткен полиция қызметкерлерінің есімін ұлықтауға бағытталған жоспарлы жұмыстар  жүргізіліп жатыр.

2 қазанда Қобда ауданы полиция бөлімінің ғимаратында ІІО саласында ширек ғасырдан астам абыройлы қызмет етіп, ел ықыласына бөленген  және республикалық «Еңбек сіңірген учаскелік полиция инспекторы» атағының иегері атанған марқұм Жұмағұл Бақыт Төлегенұлына арналған естелік тақта ашылды.

Тағылымды шараға полиция департаментінің басшылығы, аудан әкімдігі, ІІО ардагерлері, полиция бөлімінің жеке құрамы және ашылу салтанатына арнайы шақырылған Бақыт Жұмағұлдың отбасы мен жақын туыстары қатысты.

ПД бастығының орынбасары Мұрат Жакупбеков бұл шараның қызметкерлерде, оның ішінде жас ұрпақтың бойында патриоттық, тәуелсіздікті қорғауға әрдайым даярлық, қоғам мен мемлекеттік қорғау жолындағы қызметіне шексіз адалдық сезімдерін қалыптастырудағы маңызын атап көрсетіп, марқұм Бақыт Жұмағұлдың үлгілі еңбек жолы туралы айтты.

ІІО ардагерлері мен Б. Жұмағұлдың достары оның адалдығы мен батылдығын, еңбекқорлығын бейнелейтін жылы естеліктерімен бөлісіп, әріптес-досының рухына тағзым етті.

Естелік шара соңында  полицейдің жары Ақжарқын Жұмағұлова жұбайының ұжымына, ІІО ардагерлеріне шынайы алғысын жеткізіп, тәртіп сақшыларының қызметіне абырой мен сәттілік тіледі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру