Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Туристік полицейлер шетелдік қонақтың жоғалған сөмкесін тауып берді

Туристік полицейлер шетелдік қонақтың жоғалған сөмкесін тауып берді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шетел азаматтарының Қазақстан астанасында болған кезеңдегі қауіпсіздігін қамтамасыз етуде қызмет атқарып жүрген туристік полиция сақшыларына қала қонақтарынан жиі алғыстар айтылып жатады. 

Бұл жол полицейлер Америка Құрама Штаттарынан елімізге қыдырып келген Гэридің жоғалған сөмкесін тауып берген. Сөмкеде ноутбук, бағалы заттары және ең бастысы төл құжаты болған. Сол күні рейске шығу керек болған шетелдік азамат жоғалған мүлкін қайтарып берген туристік полиция қызметкерлеріне алғысын айтып, құжаттары табылмаған жағдайда еліне жете алмай қалатынын айтты. 

– Астана – өте көркем, қонақжай және қауіпсіз қала екен. Жоғалған жүгімді қысқа мерзімде тауып алып, маған өздері хабарласып, қайтарып берген полицейлерге көп рахмет! Жарайсыңдар, жігіттер, жұмыстарың алға бассын!, – деп шын жүректен алғыс білдірді. 

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру