Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысында полицейлер жеке күзет агенттіктерінің қызметкерлеріне нұсқаулық өткізді

Абай облысында полицейлер жеке күзет агенттіктерінің қызметкерлеріне нұсқаулық өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Абай облысы полиция департаментінің күзет қызметін бақылау бөлімі, жергілікті полиция қызметі басқармасы және әкімшілік полиция басқармасы жедел әрекет ету топтарының басшылары мен қызметкерлеріне арналған нұсқаулық өткізді. Бұл іс-шара құқық қорғау органдары мен жеке күзет құрылымдары арасында жасалған меморандумдар аясында ұйымдастырылды.

Абай облысының аумағында 88 күзет қызметі субъектісі, 44 жеке күзет ұйымы, 26 филиал, 21 өкілдік тіркелген.

Нұсқаулықтың негізгі мақсаты – жеке күзет ұйымдарының қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және құқық бұзушылықтардың алдын алуға қатысуын жандандыру болды. Кездесу барысында жеке күзет ұйымдарының өз жұмысының тиімділігін арттыру, полициямен өзара іс-қимылды жақсарту және қоғамдық орындардағы қауіпсіздікті арттыру үшін қабылдай алатын шаралар талқыланды.

Жыл басынан бері күзет қызметі субъектілерінің көмегімен 18 түрлі құқық бұзушылықтың жолын кесті.

Осылайша, іс-шараның мақсаты – қоғамдық тәртіпті сақтауда жеке күзет ұйымдарының қатысуын кеңейту, бұл құқықтық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде жеке және мемлекеттік секторлар арасындағы ынтымақтастықты жақсартуға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру