Астанада 40 тонналық контейнерді қолды қылған күдікті ұсталды
Астанада 40 тонналық контейнерді қолды қылған күдікті ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Елордалық полицияға құрылыс компаниясының қауіпсіздік қызметінің қызметкері ұрлық туралы арызбен жүгінді. Оның айтуынша, жұмыс істейтін фирмадан белгісіз адам темір контейнерді ұрлап әкеткен.
Қылмысты ашу мақсатында полиция қызметкерлері барлық жақын аумақтарды аралап, куәгерлерден сұрау алды.
Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу нәтижесінде Байқоңыр ауданының криминалдық полиция қызметкерлері ұрлыққа қаланың 50 жастағы тұрғынының қатысы барын анықтады. Ол 40 тонналық контейнерді жасырын ұрлап әкеткен. Ер адам бұрын аталған компанияда құрылыс нысанының прорабы болып жұмыс істегені және ғимараттың аумағына қалай кіруге болатынын білгені анықталды.
Күдікті мойындау көрсетпелерін берді.
Қазіргі уақытта аталған факт бойынша қылмыстық іс тіркеліп, барлық мән-жайлар анықталуда.
Күдіктіге қатысты ешқайда шықпау туралы қолхат түріндегі бұлтартпау шарасы қоданылды.