Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістанда 12 ерлі-зайыпты полицей референдумда дауыс берді

Түркістанда 12 ерлі-зайыпты полицей референдумға отбасымен барып, дауыс берді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан облысы полициясының құрамында еңбек етіп жүріп, қызметте көңіл қосып, теңін тапқан полицей ерлі-зайыптылар аз емес. Бүгінгі таңда олардың саны 12.

Әрбір азаматтың дауысы маңызды екенін түсінген жұптар отбасымен бірге барып, дауыс берді.

Сонымен қатар өңір полицейлері референдум кезінде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге 100% жұмылдырылған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру