Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбыл облысында ҚАЖД қызметкерлері әріптестерін зейнетке шығарып салды

Жамбыл облысында ҚАЖД қызметкерлері әріптестерін зейнетке шығарып салды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №59 мекемесінің ұжымы бірқатар қызметкерлерін құрметті еңбек демалысына, яғни зейнеткерлікке шығарып салды.

Салтанатты шараға мекеме бастығы, оның орынбасарлары және жеке құрам қызметкерлері қатысты. Мекеме бастығы Руслан Уразметов ұзақ жылдар бойы қылмыстық-атқару жүйесінде мінсіз қызмет етіп, көп еңбек сіңірген қызметкерлерге адалдығы мен кәсібилігі үшін ризашылығы мен алғысын білдіріп, иықтарына шапан жауып, зейнеткерлердің құрметіне концерттік бағдарлама тарту етті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру