Павлодарда мас күйде көлік жүргізген жүргізуші жауапқа тартылды
Павлодарда мас күйде көлік жүргізген жүргізуші жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Павлодар қаласында полиция қызметкерлері ВАЗ-2107 автокөлігін мас күйінде жүргізген ер адамды ұстады. Ол 2024 жылдың тамызында 2031 жылдың тамызына дейін көлік құралын жүргізу құқығынан айырылғаны анықталды.
– Ер адам жүргізген көлік коммуналдық тұраққа қойылды. Медициналық куәландыру нәтижелеріне сәйкес, жүргізуші жеңіл дәрежеде мас болған. Мас күйде көлік жүргізу арқылы сіз өз өміріңізге ғана емес, жол қозғалысының басқа қатысушыларының өміріне де қауіп төндіретініңізді еске саламыз.
Жүргізуші көлік құралдарын жүргізу құқығынан айырылған және мас күйінде болған адамның көлік құралын жүргізгені үшін жауапқа тартылады.Материал шешім қабылдау үшін сотқа жіберілді, – деді Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.