Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Биыл Алматы полициясы заңсыз айналымнан 320 келіден астам есірткі тәркіледі

Алматы қалалық қоғамдық кеңес отырысында есеп берген Алматы полициясының бастығы Арыстанғани Заппаров жыл басынан бері қалада есірткінің заңсыз айналымына қатысты 530 құқық бұзушылық анықталғанын айтты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Заңсыз айналымнан 326 келіден астам есірткі тәркіленді, оның 50 келісі – “синтетика”.

– Есірткі қылмысы – қоғамымыздың жан түршігерлік дерті, оның кесірінен көптеген азамат зардап шекті. Жылдан жылға есірткі қылмысының алдын алу жұмыстары жоғары деңгейде жүргізіліп жатыр. Жыл басынан бері жедел бөлімшелер синтетикалық есірткі өндіретін 14 зертхананы жойып, 74 есірткі қойып кетушіні қолға түсірді.  Есірткі құралдарының таралуы туралы мәліметтерді қамтитын 9186 граффити сурет табылып, өшірілді. Есірткіні таратумен және жарнамалаумен айналысатын 415 интернет-сайт анықталды және бұғатталды, – деді Арыстанғани Заппаров. 

ПД-ның хабарлауынша, жалпы жедел-іздестіру шараларымен қатар, нашақорлықтың алдын алу және халықтың есірткіге қарсы иммунитетін қалыптастыру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Атқарушы билік органдарымен бірлесіп, қаланың білім беру ұйымдарында есірткіге қарсы 551 профилактикалық іс-шара жүргізілді. Әлеуметтік бейнероликтер қоғамдық орындарда, оның ішінде 8 метро станциясындағы 42 мониторда анонимді сенім нөмірлерін көрсету арқылы көрсетіледі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру