Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Көкшетау полицейлері жоғалған әйелді іздеп тапты

Көкшетау полицейлері жоғалған әйелді іздеп тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

6 қазанда Көкшетау қаласының полиция басқармасына қыркүйек айының ортасында үйден кетіп, оралмаған анасын іздеуге жәрдемдесу туралы тұрғыннан өтініш түсті.

Ер адам екі аптадан астам уақыт бойы анасын өз бетінше іздеді, бірақ таба алмады. Кейінірек полиция мен еріктілер іздеуге қосылды.

Тәртіп сақшылары түрлі медициналық мекемелерді, қонақүйлерді, вокзалды қарады. Таныстары мен туыстарынан сұрастырды. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында куәгерлердің бірінің айғақтарының арқасында полицейлер іздеу бағытын нақтылап, әйелді таба алды.

Қазіргі уақытта оның өмірі мен денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ. Оның үйден не себепті кетіп қалғаны анықталып жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру