Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-ның бас полицейі жаңа ауылдық учаскелік полиция бекетін тексерді

СҚО полиция департаментінің бастығы Айдын Қабдұлдинов облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетовтың Мағжан Жұмабаев ауданы Қарақоға ауылдық округінің тұрғындарымен есептік кездесуіне қатысты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

А.Қабдұлдинов осы жылдың наурыз айында мәдениет үйінің ғимаратында ашылған ауылдық округ полициясының жаңа учаскелік пунктіне барып қайтты.

2 мыңға жуық тұрғыны бар ауылдық округ аумағында тәжірибелі учаскелік полиция инспекторы Жандос Ғабдрашитов қызмет көрсетеді. Бұл лауазымда ол 10 жылдан бері қызмет етіп келеді.

Жаңа УПП-да 8 бейнебақылау камерасы бар. Олар ауылдық округтің бірқатар қоғамдық орнына бақылау жүргізуге мүмкіндік береді.

Облыстың бас полицейі учаскелік инспектордың қызмет атқару жағдайын тексерді, құқық бұзушылықтардың, оның ішінде интернет-алаяқтықтың тұрақты профилактикасы, сондай-ақ халықпен тығыз байланыста болу қажеттігін атап өтті.

Сондай-ақ облыс әкімімен бірге Айдын Қабдұлдинов “Таза Қазақстан” акциясы аясында ағаш отырғызуға қатысты.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру