Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда полицияның қызмет көрсету орталықтарына 13 мың адам жүгінді

Алматы полициясы Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау аясында полицияның қызмет көрсету орталықтарының жұмысына талдау жүргізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызмет көрсету орталықтарында полиция қызметінің жоғары сапасын қамтамасыз ету үшін ІІО-ның негізгі желілерінде әрқашан білікті қызметкерлер бар. Атап айтқанда, көші-қон заңнамасы, әкімшілік заңнама, жергілікті полиция қызметі, ювеналдық полиция, әйелдерді тұрмыстық зорлық-зомбылықтан қорғау бөлімшелері, тергеу бөлімшелерінің мамандары.

Сонымен қатар қызмет көрсету орталықтарында медиатор, заң қызметін көрсету бойынша кеңесші және психолог қызметтері көрсетіледі.

Қызмет көрсету орталықтары ашылған күннен бастап бүгінгі күнге дейін ІІО-ға қатысты түрлі мәселелер бойынша 13098 азаматтың мәселесі қаралып, оларға кәсіби көмек көрсетілді.

Негізінен азаматтар көші-қон және әкімшілік процедуралар бойынша жүгінеді.

Талдау:
– Алатау ауданы – 1720 өтініш;
– Алмалы ауданы – 984 өтініш;
– Әуезов ауданы – 2453 өтініш;
– Бостандық ауданы – 3607 өтініш;
– Жетісу ауданы – 2858 өтініш;
– Медеу ауданы – 485 өтініш;
– Наурызбай ауданы – 991 өтініш.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру