Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Тыныштықты бұзған 5 мыңнан астам павлодарлық жауапкершілікке тартылған

Павлодар қаласының тұрғындары полицияға көршілерінің түнгі тыныштықты бұзғаны жөнінде шағымданды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қоғамдық тәртіп пен заң талаптарын елемей, кейбір азаматтар басқа адамдардың тыныштығы мен демалысын ескерместен әрекет етеді.

Павлодар облысының полиция департаменті биылғы жылдың өзінде-ақ тыныштықты бұзғаны үшін 5296 павлодарлық әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын хабарлады.

Мәселен, түн ортасында сағат 02:32-де полицияға Назарбаев даңғылындағы көпқабатты үйдің тұрғыны қоңырау шалып, көршілерінің музыканы тым қатты қойып, ән айтып, басқа тұрғындардың ұйқысын бұзғанын жеткізді. Сағат 03:21-де Малайсары батыр көшесіндегі тағы бір үйден осындай шағым түскен.

Полиция қызметкерлері тыныштықты бұзған азаматтарды әкімшілік жауапкершілікке тартты және олармен тыныштық сақтау мен көршілерге құрметпен қарау туралы профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Ертіс өңірінің полицейлері егер сіз осындай жағдайға куә болсаңыз, «102» нөміріне хабарласуды немесе оқиғаны бейнежазбаға түсіріп, «Police 102» мобильді қосымшасы арқылы жіберуді ұсынды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру