Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-да өрттен тұрғынды құтқарып қалған екі полицей марапатталды

Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің бастығы Айдын Қабдұлдинов өрт кезінде батылдық танытқан екі патрульдік полицейді марапаттады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

6 қазанға қараған түні Петропавл қалалық ПБ патрульдік полиция батальонының аға инспекторлары Санат Еменалин мен Ерлан Тайланов Жұмысшы кентіндегі үйлердің бірінде шыққан өртті байқап қалған.

Өрт аумаққа тез тарап кеткен. Тәртіп сақшыларының жылдам әрекеттері уақытша салынған үйдегі адамдардың бірін құтқаруға мүмкіндік берді.

Ұйқыдан оянған көршілермен бірге полиция қызметкерлері Еменалин мен Тайланов өрт сөндіру қызметі келгенге дейін өртті ауыздықтау бойынша шаралар қабылдады және оқиға орнында болды.

Қабдұлдинов батыл полицейлерге грамоталар табыс етіп, ұлдарын адалдыққа, отансүйгіштікке тәрбиелегені үшін олардың ата-аналарына арналған алғыс хаттарға қол қойды.

– Батылдық таныту және адамдарға көмекке келуге әрдайым дайын болу — өз өмірін полиция қызметімен байланыстыруды шешкен адамға қажетті қасиеттердің бірі, – деп атап өтті Айдын Қабдұлдинов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру