Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырауда пробация есебінде тұрған азамат марафон жеңімпазы атанды

Атырауда пробация есебінде тұрған азамат марафон жеңімпазы атанды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Атырау қаласында 13 қазан күні дәстүрлі «Atyrau Marafon-2024» ұзындыққа жүгіруден марафон өтті. Бұл іс-шараға 2000-нан астам адам қатысты, олардың ішінде Атырау қалалық пробация қызметі есебіндегі екі азамат та болды.

Марафон нәтижесінде, 21 шақырымдық қашықтықта М. есімді азамат 1-орынды иеленді. Бұған дейін де ол спорттық жетістіктерімен танылған, 2023 жылы 1 наурызда өткен «Спорт – денсаулық кепілі» марафонында да 1-орынға лайық деп танылған еді.

Сонымен қатар Ж. есімді азамат 5 шақырымдық қашықтықта жарысып, 136 қатысушының арасынан 5-орынды иемденді. Бұл спортшы да бұған дейін түрлі марафондарда жеңімпаз және жүлдегер атанған.

Марафонның негізгі мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау және жастардың спортқа деген қызығушылығын арттыру.

Спортшылардың айтуынша, спорт денсаулықты жақсартып қана қоймай, адамға маңызды өмірлік жетістіктерге жетуге мүмкіндік береді.

Жауап қалдыру