Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елордада полицейлер алаяқтыққа қатысы бар екі күдіктіні ұстады

Елордада полицейлер алаяқтыққа қатысы бар екі күдіктіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Тергеу барысында анықталғандай, жәбірленуші құрылыс нысандарының бірінде жұмыс істейді. Оның айтуынша, екі жас жігіт қасына келіп, әріптестері түнде құрылыс материалдарын ұрлады деп алдап сендірген. Олар қолдарында ұрлықтың бейнежазбасы барын айтып, полицияға хабарлаймыз деп қорқытып, 300 мың теңге талап еткен. Сөздеріне сенген ер адам ақшаны қолма-қол берді. Алайда, көп ұзамай алаяқтардың құрбаны болғанын түсініп, кейін полицияға жүгінген.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Алматы ауданы ПБ қызметкерлері 29 және 23 жастағы екі күдіктіні анықтады.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру