Ақмоладағы кірпіш зауытында 11 шетелдік заңсыз келуші ұсталды
Ақмола облысының кірпіш зауыттарының бірінде 11 шетелдік заңсыз келуші ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Көші-қон жағдайын сауықтыру, облыс аумағында заңсыз келген және тұратын шетел азаматтарын анықтау, заңсыз көші-қон арналарының жолын кесу, сондай-ақ ағымдағы жылдың 14-18 қазан аралығында көші-қон заңнамасын бұзумен байланысты өзге де құқыққа қайшы әрекеттер мақсатында Ақмола облысында «Заңсыз келуші-2024» Республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
ЖПІШ шеңберінде Ерейментау ауданының кірпіш зауыттарының бірінде көші-қон қызметі бөлімшелерінің қызметкерлері заңсыз еңбек қызметін жүзеге асырған жақын шетелдің он бір тұрғынын ұстады. Ұсталғандардың екеуі екі жылға жуық Қазақстан аумағында тіркеусіз болғаны анықталды.
Заңнаманы бұзу фактілері бойынша шетелдік азаматтар мен жұмыс берушілерге қатысты әкімшілік хаттамалар жасалды.
Полиция департаменті заңнаманы сақтауға шақырады және жұмыс берушіге тиісті рұқсатсыз келген шетелдіктерді бірнеше рет жұмысқа қабылдағаны үшін қылмыстық жауапкершілік бар екенін еске салады.