Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы полициясында «Міндет. Абырой. Ерлік» көркемөнерпаздар байқауы өткізілді

Алматы қалалық полиция департаментінде өтті «Міндет. Абырой. Ерлік» көркемөнерпаздар байқауы өткізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ішкі істер органдарының қатарында қызмет ететін 14 әуесқой вокалист нағыз кәсіби өнер иелерінің алдында өз өнерлерін паш етті. Қазылар алқасының құрамында көрнекті мәдениет қайраткерлері болды.

Тергеушілер, жедел уәкілдер, ювеналды полиция инспекторлары, учаскелік полиция қызметкерлері, ЖҚАЖ жауынгерлері, кәсіптік оқыту нұсқаушылары, айдауылдау қызметкерлерінің вокалдық өнерлері бес номинация бойынша бағаланды.

Қазылар алқасының шешімі мынадай болды:

«Авторлық өнер» номинациясымен ПБ қызметкері Данияр Дәрменов марапатталды;

«Эстрадалық вокал» номинациясын ЖҚАЖ инспекторы Дәулет Садықов жеңіп алды;

«Аспаптық және вокалдық орындау» номинациясы бойынша Түрксіб аудандық ПБ-ның қызметкері Олжас Тоқтарқан, сондай-ақ Жедел басқару орталығының өкілі Алмас Күнтай жеңіске жетті;

«Халық әндері» номинациясы ЖҚАЖ қызметкері Жасұлан Әбировке бұйырды.

«Аспаптық сүйемелдеумен орындау» номинациясын ПД ансамблінің өкілдері Әлішер Сембаев, Батырхан Қияқбаев, Бауыржан Серікбосынов және Дәулетияр Есенгел қанжығаға байлады.

Жеңімпаздар елордада өтетін республикалық байқауға жолдама алды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру