Жамбыл облысында есептегі сотталғандар жүзуден жарысқа қатысты
Жамбыл облысында Тараз қаласы прокуратурасы және Тараз қалалық №1,2,3 пробация қызметкерлері, қала әкімдігінің спорт бөлімінің ұйымдастыруымен іс-шара өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
2024 жылдың 15 қазан күні Ж. Үшкемпіров атындағы “Тараз-Арена” спорт сарайында “Тараз – қауіпсіз қала” жобасы аясында Тараз қаласы прокуратурасы, Тараз қалалық пробация қызметкерлері және бас бостандығынан айыру мекемелерінен босатылған, пробация қызметі есебінде тұрған 30 жасқа дейінгі спортшылар арасында жүзуден қалалық ашық турнир өтті.
Жалпы аталған шараның мақсаты – есепте тұрған сотталғандарды спортқа баулу, қоғамға бейімдеу, қолдау көрсету және жаңа қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу.
Турнирге қатысушылар 50, 100 метр қашықтыққа жүзді. Жалпы іс-шараға 50-ге жуық жастар ат салысты. Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері дипломдар, медальдар және естелік сыйлықтармен марапатталды.
“Тараз – қауіпсіз қала” жобасы алдағы уақытта өз жалғасын тауып, мәдени іс-шаралардан бөлек, сотталғандарға әлеуметтік-көмек көрсету жоспарланған.