Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырау облысында бір күнде 6 шетелдік елден шығарылды

Атырау облысында бір күнде 6 шетелдік елден шығарылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

14-18 қазан аралығында Атырау облысында «Заңсыз келуші-2024» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Бұл шараның негізгі мақсаты – қызмет көрсету аумағында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, елден шығару туралы сот шешімін орындамаған шетел азаматтарын анықтау және заңсыз көші-қонға қатысты құқық бұзушылықтардың алдын алу.

Іс-шараның алғашқы күні 131 заңбұзушылық тіркелген. Атап айтқанда:

Қазақстан аумағынан шығуға міндеттелген, бірақ елден кетпеген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар саны – 50;

Қазақстаннан он тәуліктен асатын уақыт аралығында кетуден жалтарғандар – 37;

Визада көрсетілген мақсаттарға сәйкес келмейтін қызмет атқарған немесе қажетті рұқсат құжаттарынсыз жұмыс істеген тұлғалар – 42;

Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды қабылдаған жеке немесе заңды тұлғалардың көші-қон заңнамасын бұзуы – 19;

Заңсыз түрде шетелдік жұмыс күшін тарту фактілері – 3.

Бір күнде 6 шетел азаматы елден шығарылған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру