Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

“Учаске” ЖПІШ: Маңғыстауда бір айда 160 мыңнан астам үй тексерілді

Маңғыстау облысы аумағында 16 қыркүйек пен 1 қараша аралығында “Учаске” жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Іс-шараның бір айлық көрсеткішіне сүйенсек, учаскелік полицейлер өңір бойынша барлығы 163 646 пәтер мен жеке тұрғын үйді, сондай-ақ 1156 шаруа қожалығын тексерді.

Тұрақты жері жоқ 132 адам анықталып, қабылдап-тарату орнына жеткізілді.

Полиция департаментінде 3134 тұлға профилактикалық есепте тұр. Олардың әрқайсысымен күнделікті негізде түсіндірме жұмыстары жүргізіледі.

Түрлі сипаттағы 13 434 әкімшілік құқық бұзушылық тіркеліп, полиция қызметкерлері есірткі заттарын жарнамалау, тарату деректері бойынша 182 қылмысқа тосқауыл қойды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру