Жыл басынан бері СҚО полициясының басшылығы 119 тұрғынды қабылдады
Жыл басынан бері СҚО полициясының басшылығы 119 тұрғынды жеке қабылдады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
СҚО-да полицейлер азаматтарды қабылдаудың бірыңғай күніне қатысты. Сағат 14:00-ден бастап Петропавл қаласындағы оқушылар сарайында облыс әкімі мен мемлекеттік органдар басшыларының қатысуымен азаматтарды қабылдаудың бірыңғай күні өткізілді. Олардың арасында СҚО полиция департаментінің өкілдері де бар.
Өңір тұрғындарының сұрақтарына ПД бастығының міндетін атқарушы Асқар Мұхаметқалиев және жетекші қызметтердің: тергеу басқармасының, жергілікті полиция қызметі, әкімшілік полиция, тәрбие және кадр жұмысы басқармаларының, Петропавл қаласы полиция басқармасының басшылығы жауап берді.
Полицейлерге бес адам жүгінді. Негізінен, қойылған сұрақтар жол қауіпсіздігі мәселелеріне қатысты болды, оның ішінде Оқушылар сарайының жанындағы жол қауіпсіздігі де бар. Көппәтерлі үйдің өкілі абаттандыру тақырыбын қозғады. Сондай-ақ интернет-алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық істі тергеуге қатысты сұрақтар қойылды.
Қосымша тексеруді қажет ететін сұрақтар болмады, барлық сұраққа толық жауаптар берілді. Азаматтарды қабылдаудың бірыңғай күні ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыруға қатысты халыққа Жолдауында қойылған міндеттерді орындау шеңберінде өткізілді.
ПД басшылығы азаматтармен белсенді қарым-қатынас жасау үшін әрдайым ашық. Жыл басынан облыстық полиция бастығының жеке қабылдауында 57 солтүстікқазақстандық болып қайтты, ал оның орынбасарлары 62 адамды қабылдады.