Ақтөбеде полиция қоғамдық көлікте ұрлық жасаумен айналысқан күдіктіні ұстады
Ақтөбеде полиция қоғамдық көлікте ұрлық жасаумен айналысқан күдіктіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
9 қазанда Ақтөбеде криминалдық полиция қызметкерлері қалалық бағыттағы автобустарда қалта ұрлығының алдын алуға бағытталған жедел іс-шаралар жүргізу барысында қоғамдық автобус ішінде жолаушының әмиянын жасырын ұрлаған ер адамды анықтады. Жедел қызметкерлер күдіктіні оқиға орнында ұстады.
Тергеп-тексеру барысында күдікті адам сол күні тағы бір автобуста ұрлық жасап, ақтөбелік бойжеткеннің телефонын жасырын иеленгені анықталды. Жәбірленушілерге келтірілген жалпы шығын сомасы 200 мың теңгеден асты.
Күдікті бұрын осындай қылмыс жасағаны үшін сотталған, облыстың 40 жастағы тұрғыны болып шықты. Ол өз кінәсін мойындады. Заттай айғақтар тәркіленді.
Ұрлық дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Қазіргі таңда күдіктінің осыған ұқсас басқа да қылмысқа қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.
Полиция азаматтарды болуға шақырады.