Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елордада полиция стихиялық қоқыс алаңдарына қарсы шаралар қолдануда

Елордада полицейлер стихиялық қоқыс алаңдарындағы заңсыз қоқыс төгуді анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Елордадағы полиция қызметкерлері рұқсат етілмеген қоқыс тастау орындарында күн сайын рейдтік іс-шаралар өткізіп, заңсыз қоқыс шығару фактілерін анықтауда. Бұл шаралар “Ikomek-109” бірыңғай анықтама қызметімен бірлесіп, қоқыс пен нәжіс төгуді белгіленбеген жерлерде жүзеге асыратын адамдарды табуға бағытталған.

“Таза Қазақстан” акциясы басталғалы бері елордада 280-нен астам жүк және ассенизациялық көлік жүргізушісі жауапкершілікке тартылды. Қоқысты заңсыз шығару, қоғамдық орындарды ластау және абаттандыру қағидаларын бұзу фактілері бойынша 18 мың 600 құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Мысалы “Shacman” маркалы жүк көлігінің жүргізушісі Тұран даңғылындағы стихиялық қоқыс алаңында құрылыс қалдықтарын төккен. Аталған құқық бұзушылық бейнебақылау камераларымен тіркеліп, жүргізушіге қатысты әкімшілік хаттама толтырылған.

Полиция тұрғындарды қоршаған ортаны ластамауға және табиғатқа ұқыпты қарауға шақырамыз. Егер сіз қалдықтарды белгіленбеген жерлерге төгу немесе құрылыс қоқысын тастау фактісінің куәсі болсаңыз, дереу тиісті органдарға немесе “102” пультіне хабарласуыңызды сұраймыз. Мүмкін болса, құқық бұзушылықты смартфон немесе басқа құрылғыға тіркеп, автокөліктің нөмірін жазып алу ұсынылады, себебі бұл істі қарау кезінде дәлел ретінде қолданылады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру