Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістанда полицейлер тұрғылықты мекенжайға тіркелмеген 300-ден астам құқық бұзушыны анықтады

Түркістанда полицейлер тұрғылықты мекенжайға тіркелмеген 300-ден астам құқық бұзушыны анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан қаласында полицейлер заң бұзушылықтарды анықтау мақсатында рейдтік іс-шараларды үздіксіз атқарып келеді. Мәселен бірнеше апта ішінде құқық бұзған 7500-ден астам құқық бұзушыны анықтап, әкімшілік жауапкершілікке тартты.

Оның ішінде алкогольдік ішімдік ішкені және қоғамдық орындарда мас күйінде жүргені үшін полицияға 107 тұрғын жеткізілді. Ал тіркеусіз тұрған 307 құқық бұзушыға шара көрілді. Сондай-ақ нақты тұрмайтын жеке тұлғаларды тіркеуге жол бергені үшін 6 тұрғын үй иесі жауапкершілікке тартылды.

Мәселен Түркістан қаласында уәкілетті органның рұқсатынсыз жұмыс жасап жүрген шетелдік 6 азамат анықталып, елден шығарылды. Сондай-ақ шетелдіктердің жұмыс күшін рұқсатсыз пайдаланғаны үшін жұмыс беруші 4 тұрғынға шара қолданылды.

Полицейлер әкімшілік учаскелердегі құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша шараларды күшейтіп, қолайсыз жағдайдағы отбасыларды анықтау жөніндегі жұмыстарды жандандыруда. Сондықтан тұрғындарға “Учаске” профилактикалық шарасы кезінде полиция қызметкерлерінің жұмысына түсіністікпен қарап, талап етілетін заңды әрекеттерді орындауға шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру