Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-да полицейлер Сәкен Сейфулиннің 130 жылдығына орай өткен әдеби-сазды кешке қатысты

СҚО-да полицейлер Сәкен Сейфулиннің 130 жылдығына орай өткен әдеби-сазды кешке қатысты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Солтүстік Қазақстан облысында полиция департаментінің қызметкерлері қазақтың ақыны, жазушы, драматург, мемлекет қайраткері Сәкен Сейфулинге құрмет көрсетіп, “Қазақ әдебиетінің ақсұңқары” атты әдеби-сазды кешке қатысты.

Қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі Сәкен Сейфулиннің 130 жылдығына арналған іс-шараны С.Мұқанов атындағы Солтүстік Қазақстан облыстық әмбебап ғылыми кітапхана қызметкерлері және “AMANAT” партиясының өкілдері “Ұлттық мұра” партиялық жоба аясында бірлесе ұйымдастырды.

Полиция қызметкері Серік Абылғазинов кеш қонақтарына “Көкшетау” поэмасынан үзінді оқыса,  Абылайхан Өмірзақ қаламгердің “Сағындым” өлеңін жатқа айтты. Әдеби-сазды кешке қатысқан қос полиция қызметкері “AMANAT” партиясының Алғыс хаттарымен марапатталды.

Полиция қызметкерлері мемлекеттік тілді насихаттауға және қолдану аясын кеңейтуге бағытталған іс-шараларға үнемі қатысып тұрады.

 

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру