Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбе заң институтында ғылыми-тәжірибелік конференция өткізілді

Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты жалпы заң пәндері кафедрасының ұйымдастыруымен «Жаңа Қазақстан құру жағдайында адам және азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етудегі ішкі істер органдарының рөлі» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың осы жылдың 2 қыркүйегінде Қазақстан халқына арнаған Жолдауында «Қоғамда заң мен тәртіп идеологиясын терең орнықтыру қажеттілігі, Әділетті Қазақстанды құрудың негізгі алғышарттарын» атап өтті. Бұл іс-шараның мақсаты да осы мәселелерге арқау болып отыр.

Конференцияны өткізудегі басты мақсат – Әділетті Қазақстан құру жағдайында адам мен азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етудегі ішкі істер органдарының рөлі; ІІО қызметкерлерінің кәсіби тұлғалық болмысын жетілдіруде Адал азамат идеясының маңыздылығы; Қазақстандық патриотизмді қалыптастыру; ІІО қызметінде жүргізіліп жатқан кадр саясатының маңыздылығы; полиция қызметкерлерінің конституциялық құқықтық санасын және құқықтық мәдениетін дамытудың басым бағыттарын жетілдіру, ғылыми негіздеу.

Конференцияны модератор  ретінде жалпы заң пәндері кафедрасының бастығы, з.ғ.к., қауымдастырылған профессор А.Ибраева жүргізді.

Конференцияға Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мемлекет және құқық теориясы, конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасының профессоры, з.ғ.д., профессор А.Ибраева; Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру институтының директоры, з.ғ.к., профессор, аға әділет кеңесшісі С.Сапаралиева, Ақтөбе облысының Ақсақалдар кеңесінің мүшесі, Қазақстан Білім беру ісінің үздігі, Қазақстан Журналисттер одағының мүшесі, Абайтанушы Қ.Қонтай қатысты.

Сондай-ақ іс-шарада Ақтөбе облыстық Жастар ресурстық орталығының басшысы С.ЖАртыгалин, Тарбағатай заң кеңесшілер палатасының мүшелері, республикалық телеарналардың тұрақты сарапшылары, кәсіби заңгерлер Бағдат Амандосұлы, Бердімұрат Хасенұлы, Н.Ибраев; Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясының Ақтөбе және Маңғыстау облысы бойынша медиа-тренері, тележурналист С.Оңғар, сондай-ақ Қазақстандағы жетекші оқу орындарының профессорлық-оқытушылар құрамы, ІІМ жүйесіндегі ведомсволық оқу орындарының оқытушылары, ІІМ-нің құрметті ардагерлері, докторанттар, магистранттар, курсанттар болды.

Конференцияға қатысушылар тақырыптың өзектілігін айта келе, ойларын ортаға салды.

Жауап қалдыру