Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Арыстанғани Заппаров: “Заң мен тәртіп — біздің басты құндылығымыз”

Алматы полициясы биылғы жылдың 9 айындағы жұмыстың қорытындысын шығарды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Күн тәртібінде қызметтер мен бөлімшелердің жедел қызметінің нәтижелері, сондай-ақ жеке құрам арасындағы тәртіптің жай-күйі қаралды. Алматы полициясының бастығы Арыстанғани Заппаров Ішкі істер министрлігі кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыспен күрес жұмысын күшейтуге ерекше назар аударып отырғанын атап өтті.

– ІІМ-нің кеңейтілген мәжілісінде ведомства басшысы Ержан Сәденов ықтимал құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында мектеп әкімшілігімен бірлесе отырып, білім беру ұйымдарындағы қауіпсіздікті белсенді түрде қадағалауды тапсырды. Ол полицияның, ата-аналардың және қоғамның бірлескен күш-жігері балалар мен жасөспірімдер үшін қауіпсіз орта құрудың кілті екенін атап өтті.  Сонымен қатар жергілікті атқарушы органдар мен халықты тарта отырып, профилактикалық жұмыстарды күшейту жөнінде нақты тапсырмалар берілді. Полиция қоғамдық тәртіпті және азаматтардың құқықтарын қылмыстық шабуылдардан қорғауды қамтамасыз етеді, – деді Арыстанғани Заппаров.

ПД бастығының айтуынша, есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес және киберқылмыспен күрес мәселелері бөлек қаралды.

– Министрлік бірқатар міндеттер қойды. Қылмысты азайту арқылы елді өмір сүру үшін қауіпсіз жерге айналдыру, қоғамдық орындарда және көшелердегі тәртіпті қамтамасыз ету, мас күйінде жасалған құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу, жол-көлік оқиғаларының ықтималдығына әсер ететін факторларды азайту арқылы жол қауіпсіздігін нығайту, ІІО-ның қызметіне заманауи әдістер мен технологияларды енгізуді жандандыру, кадрлық потенциалдың маңыздылығын арттыру арқылы штатты нығайту шараларын қабылдау, – деді Арыстанғани Заппаров.

Жедел кеңестің қорытындысы бойынша Арыстанғани Заппаров Алматы полициясының қызметін одан әрі жетілдіруге бағытталған бірқатар нақты тапсырма берді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру