Павлодар облысында қоғамдық орындарда ішімдік ішкен тұрғындар жазаланды
Павлодар облысында қоғамдық орындарда ішімдік ішкен тұрғындар жазаланды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
“Құқықтық тәртіп” жедел-профилактикалық іс-шарасының бірінші күні полицейлер 300-ден астам әкімшілік құқық бұзушылықтың жолын кесті. Көші-қон заңнамасының 81 бұзушылығы, қоғамдық орындарда спирттік ішімдіктер ішкені үшін – 51, ұсақ бұзақылық жасаған 23 азамат, жаяу жүргіншілердің жол жүру ережелерін бұзғаны үшін 13 және мас күйінде көлік құралын жүргізгені үшін 4 жүргізуші анықталды.
– Қолданыстағы заңнамаға сәйкес барлық құқық бұзушылар жауапқа тартылды. Бұдан басқа, 65 адам уақытша бейімдеу және ұстау орталығына орналастырылды, – деді Павлодар облысы ПД жергілікті полиция қызметінің бастығы Қуаныш Мұстафинов.
Мысалы, қалалық үйлердің бірінің ауласында алкоголь ішкен екі жас ұсталды. Көшеде ішімдік ішкені үшін құқық бұзушылар 5 АЕК мөлшерінде айыппұл түрінде жауапқа тартылды. Бір жыл ішінде қайталап бұзған жағдайда 10 АЕК айыппұл төлеуге тура келеді.
Талдау көрсеткендей, құқық бұзушылықтар мен жазатайым оқиғалардың едәуір бөлігі алкогольдің әсерінен болады. Ең алдымен, қоғамдық орында мас болу — бұл әдептілік пен қоғамдық тәртіпті бұзу. Көптеген ішімдік ішкен азаматтар мұндай жағдай болмайды деп санайды, бірақ қауіп-алкоголь кез-келген адамның тәртібіне әсер етеді.
– Полиция департаменті азаматтардың тыныш демалысын, мереке алдындағы күндері тиісті құқықтық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін Павлодар полицейлері күшейтілген режимде қызмет атқаратынын еске салады. Бұл күндері полицейлер көшелерде және қоғамдық орындарда құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу жөнінде қосымша шаралар қабылдайтын болады. Сондай-ақ жол жүру ережелерін бұзудың алдын алу және жолын кесу, жол-көлік оқиғаларына жол бермеу үшін күшейтілген патрульдеу облыс жолдарында да жүзеге асырылуда, – деп қорытындылады Қуаныш Мұстафинов.