Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмолада полицейлер ауыл тұрғынын алаяқтан қорғап қалды

Ақмолада полицейлер ауыл тұрғынын алаяқтан қорғап қалды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақмола облысы полиция департаментінің Instagram әлеуметтік желісіндегі ведомстволық парақшасына облыс тұрғынынан Атбасар ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері – жедел уәкіл Ғалым Мархабат пен тергеуші Ержан Өмірбековке алғыс сөздерімен өтініш түсті.

Өтініш авторы полицейлердің қырағылығы мен жеделдігінің арқасында алаяқтың айла-амалдарынан аулақ болғанын айтты.

Ер адам интернеттегі көлік шиналарын сататын жарнаманы көріп, сатушының талабы бойынша банктердің бірінің қосымшасы арқылы бөліп төлеу несиесін рәсімдеген. Алайда, сатушы ер адамның несие рәсімдегенін біліп, тапсырыстың күшін жойып, байланысқа шығуды тоқтатқан, төлем сәтті өткен, алайда сатып алушыда несиесі қалып кеткен.

Ауыл тұрғыны бірден полиция қызметкерлеріне қоңырау шалды. Тәртіп сақшылары өз кезегінде банкке дереу хабарласып, жұмыскерлері несиенің күшін жойғанын түсіндірді. Полиция ер адамға өзіне қатысты жасалған алаяқтық әрекеттер туралы қажетті құжаттарды рәсімдеуге көмектесті. Полиция қызметкерлерінің уақытылы араласуының арқасында қаражат сақталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру