Жетісуда қоғамдық тәртіпті сақтауда ерекше көзге түскен полицейлер марапатталды
Жетісу облысында полиция департаментінде өткен тоғыз айдың қорытындысы шығарылып, жұмыстың негізгі жетістіктері мен алдағы міндеттер айқындалды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Департамент басшылығы қылмыстық ахуалдың оң өзгергенін атап өтіп, шешімін күттірмейтін мәселелерге назар аударды. Полиция қызметінің басты мақсаты — құқықтық тәртіпті сақтай отырып, қоғамдық қауіпсіздік жағдайын жақсарту.
Есепті кезеңде қылмыстардың ашылу көрсеткіші айтарлықтай өсіп, құқық бұзушылықтардың жалпы деңгейі төмендеді. Қоғамдық тәртіпті сақтау мен қылмыстың алдын алу бағытында жүргізілген тұрақты профилактикалық шаралар өңірдегі тұрақтылықтың негізін қалады. Әсіресе, ұйымдасқан қылмыс, есірткінің заңсыз айналымы және экологиялық құқық бұзушылықтармен күреске ерекше көңіл бөлінді. Бұл жұмыстар қоғамның қауіпсіздігін қамтамасыз етуде айтарлықтай нәтиже берді.
Полиция қызметі қазіргі заманның жаңа сын-қатерлеріне де төтеп беріп келеді. Киберқылмыс пен интернет алаяқтарына қарсы жедел шаралар жүзеге асырылып, қылмыстық топтар әшкереленді. Бұл әрекеттер азаматтарға елеулі экономикалық залал келтірмеуге және құқық қорғау органдарына деген сенімнің артуына ықпал етті.
Сонымен қатар Астанада өткен Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында қоғамдық тәртіпті сақтау барысында ерекше көзге түскен екі полиция қызметкері өздерінің кәсібилігі мен адалдығы үшін департамент басшылығы тарапынан марапатқа ие болды.
Жетісу облысында құқықтық тәртіпті нығайту жұмыстары жалғасып жатыр. Полиция қызметкерлері өңір тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, олардың сенімін одан әрі нығайту жолында аянбай еңбек етуде.