Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда 60-тан астам ҚАЖ қызметкері марапатталды

Алматыда 60-тан астам ҚАЖ қызметкері марапатталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы қаласы бойынша ҚАЖ департаментінде Республика күніне арналған салтанатты жиын өтіп, қызметте үздік көрсеткіштері үшін бірқатар қызметкерлер ІІМ медальдарымен және алғыс хаттармен марапатталды.

Еліміздің Әнұранымен басталған салтанатта ҚАЖД бастығының міндетін атқарушы Е.Ұзақов жеке құрам мен ардагерлерді мерейлі мерекемен құттықтады.

– 25 қазан – еліміздің ең жарқын мерекесі. Бұл күн ата-бабаларымыз аңсаған азаттықтың ақ таңы атқан ең қасиетті күн. Ендігі біздің міндетіміз – тәуелсіз елімізге адал әрі абыройлы қызмет ету. Баршаңызды бүгінгі ұлық мерекемен құттықтаймын, – деді Ерлан Ұзақов.

Мерекелік салтанатта қызметтік міндеттерін адал атқарғаны және жоғары кәсібилігі үшін 60-тан астам ҚАЖД қызметкері марапатталды. Соның ішінде министр Е.Сәденовтің бұйрығымен Ердос Жекенов пен Нұрлан Керебаев «Қылмыстық-атқару жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін» медалімен, қызметтік міндеттерін адал атқарғаны үшін С.Дуйсебаев пен Н.Рысқалиева министрдің алғыс хатымен марапатталса, бірқатар қызметкерлер Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті төрағасының алғыс хатымен марапатталды.

Сондай-ақ қылмыстық-атқару жүйесіне жаңадан қабылданған жас мамандар Отанға адал қызмет ету жолында ант қабылдады. Мереке кезінде жеке құрамды құттықтаған ҚАЖД Ардагерлер ұйымының төрағасы Е.Сағалбаев та қызметкерлердің қиын да күрделі қызметтеріне табыс тіледі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру